История школы Мектеп тарихы ертеден басталады. 1916 жылы Герасимовка батағасында қазіргі Ақаралдың маңында екі кластық қазақ, орыс мектебі ашылған. Ол Манаш, Маслинск, Вакуров, Үлбішін, Березка батағалары тұрғындарын қамтыған. Мектептің басшысы Нәубетов Қамидолла болды. Кейін бұл мектеп орнына 1925 жылы Манаш бастауыш мектебі құрылған. 1935-1936 жылдары орталау мектепке айналған, ал 1939-1940 жылдары А.А.Андреев атағын иемденіп, 1940 жылы орта мектеп болған. 1942 жылы соғыс жағдайына байланысты орталау, ал 1954 жылы қайта орта мектеп болды. 1956-1957 жылы «Қызыл балық» колхозының көшіп, Жайық бойына келуіне байланысты мектеп «Октябрьдің 40 жылдығы» атындағы орта мектеп атауын алды. Ауыл тұрғындарының тілегіне орай, 1992 жылы мектеп түлегі, қазақтың көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынова есімі берілді.