17 Қырқ 2020
Мектеп формасы

Мектеп оқушыларына қойылатын мектептің ішкі тәртіп ережесі

1. Әр оқушы өз бойына Қазақстан Республикасының жас азаматының жоғарғы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға міндетті;
2. Оқушы сабаққа кешікпеуі, сабақтан себепсіз қалмауы  тиіс. Егерде оқушы сабақтан себепті қалатын болса,оны анықтамамен дәлелдеуі қажет.
3. Мектеп формасын (берілген үлгісі бойынша) сақтауға, екінші аяқ киімін, сабаққа қажетті оқу-құралдарын үнемі әкелуге, алғашқы әскери дайындық, денешынықтыру пәндерінің  бекітілген киім үлгісін қатаң түрде сақтауға міндетті;
4. Мектептегі  мұғалімдермен, арнайы келген қонақтармен, техникалық қызметкерлермен таныс болмаса да сәлемдесіп жүруге,барлық уақытта өз ана тілінде сөйлеуге міндетті.
5. Оқушы өз ауысымның басталуына 20 минут қалғанда мектепте  болуы тиіс;
6. Қоғамдық өмірге белсене араласып өзінің саналы түрде болашақ мамандық таңдауға  дайындалуы. Еңбек тәрбиесі  бойынша тапсырмаларды орындау   барысында қауіпсіздік техника ережелерін қатаң сақтауы тиіс. Өрт қауіпсіздігі, жол ережелерінің қауіпсіздігін сақтауыкерек.
7. Оқушы мектеп мүлігін бүлдірсе, оны ата-анасы орнына  келтіру керек;
8. Біреудің затын рұқсатсыз иемденуге болмайды,  жоғалған немесе ұмытып кеткен затты кезекші мұғалімге немесе мектеп әкімшілігіне тапсыруы тиіс;
9. Сабақ кезінде медбикенің немесе сынып жетекшінің рұқсатынсыз кетуге болмайды;
10. Достарыңа адал болып, мектеп ұйымының тұтастығын сақтап, оның пайдалы жақтарын дамытуы тиіс;
11. Мектеп қызметкерлері мен ұстаздарға дөрекі сөйлеуге, сөз қайтаруға болмайды;
12. Мектепішіндегі, мектеп ауласындағы жұмыстарға шамаң келгенше көмектесуін қажет;
13. Қыз балаларға мектепішінде  (косметика) бояуларын  пайдалануға, қысқа  және ұзын шашты жинап  оқушыға сай шаш үлгісін сақтауына,  2.5 -3 см жоғары  биік өкшелі аяккиім  киюге тыйым салынады;
14. Мектепішінде, сабақ уақытында ұялы телефондарын пайдалануға  тыйым салынады. Ұялы телефондары және басқа да бағалы заттары  жоғалса мұғалім және мектеп әкімшілігі оған жауап бермейді.
Қатаң тыйым салынады:
1. Мектептің күнделікті ережесін бұзуға; /себепсіз сабаққа кешігу, келмейқалу/
2. Үзіліс кезінде оқушы мектептің ішінде жүгіруге, мектеп ауласынан шығуға, бірін- бірі итеруге, күш қолдануға , терезе жақтауында отыруға, өзбетімен терезені ашуға;
3. Спирттік ішімдіктер, темекі, наша және насыбай қолдануға, сағыз шайнауға; құлаққаппен  (наушник) музыка тыңдауға;
4. Кешкі  20.30 дан кейін коғамдық  орындарда, көшеде жүруге;
5. Басқа оқушылардың денсаулығына зиян келтіретін әрекеттер жасауға;
6. Мектеп оқушысына сай шаш үлгісін сақтау, ер балалар ұзын шаш қоймауға;
7.  Мектепке денсаулыққа зиянды, жанғыш, өткір, кескіш заттарды, әкелуге тыйым салынады.
 Әр оқушы мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті.